Қазақстан Республикасының азаматтығын алу шарттарының бірі – мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуден өту. Тестілеу өткізудің талаптары ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 12 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидаларында» h ttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2600037844 көрсетілген.
Мысалы, шетел азаматы Арон Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін тестілеуге қатысқысы келеді. Ол үшін ол https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2600037844 сілтеме арқылы өтіп, оның талаптарымен танысады. Одан кейін ол testcenter.kz сайты арқылы тестілеуге тіркеліп, тіркелгеннен кейін мемлекеттік тіл, ҚР Конституциясының негіздері мен Қазақстан тарихынан тест тапсырады.