Республика бойынша «Қазақ тілі» жаппай ашық онлайн курсы жүргізіледі. Оқыту курсына тіл үйренгісі келетін Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан кез келген азаматы қатыса алады. Оқыту курсы аптасына үш рет, ZOOM платформасы арқылы онлайн режімде өткізіледі, әр сабақ 60 минутты құрайды. Курстың ұзақтығы үш ай. Курс соңында тіл үйренушілер тест тапсырып нәтижесінде сертификат алады.
Мысалы: Сіз курсқа жазылғыңыз келді. Ол үшін Инстаграмда курс туралы хабарландыруды қарайсыз, себебі аталған оқыту курсын жеңіп алған өнім беруші таргет арқылы жариялайды. Осы таргет қосымшада сіз өтінім қалдыра аласыз.
Түсетін өтінімдерді әдіскер өңдейді, содан кейін тыңдаушылар тиісті топтарға қосылады. Топта тестілеу жүргізіліп, деңгей анықталады. Әрі қарай оқыту сол деңгейге сәйкес ұйымдастырылады. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтіп, сертификат алады.