Қазан айының екінші жексенбісі – Мүгедектігі бар адамдар күніне орай, Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 14/91 «Жаңаарқа ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің қағидаларын бекіту, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін және әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау туралы» шешіміне сәйкес, бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 20,0 мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жеке көмекші қызметі көрсетіледі.
Жеке көмекші қызметін ұсыну мүгедектігі бар адамның абилитация және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, жүріп-тұруы қиындаған бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін көрсету қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Аталған қағидалар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығымен бекітілген.