Ұйым аттестат негізінде өз мамандары мен кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкерлерді оқытуды жүзеге асыра ала ма? Немесе бұл тек үшінші тарап ұйымында жүзеге асырылады ма?
«Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 79-бабының 2-тармағына сәйкес қауіпті өндірістік объектілердің, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін оқыту және білімін тексеру (емтихандар) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлауға, қайта даярлауға құқық беретін аттестаты болған кезде қауіпті өндірістік объектінің немесе оқу ұйымының оқу орталығында жүргізіледі.
Қызметтің кіші түрімен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаты бар ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау өз қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуға құқығы бар.