Технологиялық процеске қатыспайтын персонал (бухгалтер, күзетші, техник, іс жүргізуші және т. б.) үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлауды және қайта даярлауды жүргізу қажет пе?
«Азаматтық қорғау туралы» 79-баптың 4-тармақшасына сәйкес қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, қауіпті өндірістік объектілерге жұмысқа түсетін, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы техникалық басшылар, мамандар және жұмыскерлер дайындалуға жатады.
Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатыспайтын персоналдың (бухгалтер, күзетші, техник, іс жүргізуші және т.б.) даярлықтан және қайта даярлаудан өтуі талап етілмейді.