«Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру шарттары» бөлімінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабына сәйкес қызметтің барлық түрлері үшін лицензия алуға арналған құжаттардың жалпы тізімі берілген:
- Электрондық құжат нысанындағы өтініш (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін).
- Өтініш заңды немесе жеке тұлғаның атынан электронды түрде беріледі.
- Егер сіз қызметтің бірнеше түріне лицензия алғыңыз келсе, онда әрбір қызмет түріне жеке өтініш толтыру қажет. Өтінішке негіздеуші құжаттар пакеті әрбір қызмет түріне жеке болуы тиіс.
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
- Лицензияны алу және (немесе) қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан кодексі 554-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына төленеді.
- Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
- Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
- Біліктілік талаптары бойынша құжаттар қарапайым сканерленген көшірмелер түрінде (нотариалды куәландырусыз) ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқалары талап етілмейді.
- Құжаттар біліктілік талаптарында көрсетілген атауларға қатаң сәйкестікте ұсынылуы қажет.
Лицензияларды алуға, қайта ресімдеуге арналған құжаттар «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы қабылданады.
Сіздің өтінішіңіздің мәртебесін білу үшін сізге қажет:
- «Е-лицензиялау» порталындағы жеке кабинетіңізге кіру.
- Жеке кабинетте «Менің рұқсат құжаттарым» немесе « Меніңөтініштерім» -ді таңдау және кіру қажет.
Өтініш мәртебесі келесідей өзгереді: «Қаралуда», «Берілді» немесе «Бас тартылды».
Сондай-ақ, лицензияны және/немесе оған қосымшаны алу үшін қадамдық бейне нұсқаулықпен мына сайтта танысуға болады www.gov.kz → Мемлекеттік органдар → Басқалар → Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі → Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті → Қызметі → Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер → Медиагалерея → атом энергиясын пайдалану саласында лицензия алуға өтініш беру жөніндегі бейне нұсқаулық.