Бас тартудың мүмкін себептері қандай?
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:
- Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
- Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13538 болып тіркелген) Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
- "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 5-тармағының 3) тармақшасының талабына сәйкес Көрсетілетін қызметті алушы персоналы біліктілігінің мәлімделген аккредиттеу көлеміне сәйкес келмеуі.
- "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 5-тармағының 4) тармақшасының талабына сәйкес мәлімделген аккредиттеу саласының есептеу әдістері мен бағдарламалық құралдары арасындағы сәйкессіздік.
- Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
- Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған.
- Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.