Ауыл тұрғындары қалақұқұрылыс шешімдерін талқылауға қатыса ала ма?

    ·
    Сұрақ

    Ауыл тұрғындары қалақұқұрылыс шешімдерін талқылауға қатыса ала ма?

    Жауап

    Қол жеткiзiлуi заң тәртiбiмен шектелген немесе мемлекеттiк құпияларға жатқызылған ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары өздерi мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортаның жай-күйi, оның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнде белгiленiп отырған болжамды өзгерiстерi туралы толық, уақтылы және сенiмдi ақпарат алуға құқығы бар. Жеке және заңды тұлғаларды өздерiнiң мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортасының жай-күйi туралы, сондай-ақ аумаққа құрылыс салу (қайта жоспарлау) жөніндегi ниеттерi туралы хабардар етудi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе қоғамдық талқылау жүргізу, экспозициялар мен көрмелер арқылы жергілікті ayдандардың (қалалардың) атқарушы органдары жүзеге асырады. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы бекiтiлгенге дейiн жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуға, қоғамдық немесе жеке мүдделердi қозғайтын, қабылданатын шешiмдердi өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар. Мемлекеттiк органдар жобаланатын объектілер, тiршiлiк ортасының және тiршiлiк ету әрекетінің жай-күйi және мемлекеттiк нормативтерге немесе бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ қоғамдық және жеке мүдделердi тiкелей қозғайтын, оған көзделіп отырған өзгерiстер туралы анық емес ақпарат берген (қол жеткiзiлуi шектеулi санатқа жатқызылмаған сұратылған ақпаратты беруден бас тартқан) жағдайда, жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.Қала құрылысы, сәулет немесе құрылыс шешiмдерiн қабылдау кезiнде жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуы:

    1) тiкелей қатысу;

    2) өкілдiгi нысанында;

    3) заңда тыйым салынбаған өзге де нысанда көрiнiс табады.

    Егер сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметi осы аумақта азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және заңды тұлғалардың мүдделерiн қозғаса, онда олардың:

    1) заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұза отырып жүзеге асырылатын объектiлердi орналастыру, жобалау, салу (реконструкциялау) немесе пайдалануға беру туралы шешiмнiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюға;

    2) заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұза отырып жүзеге асырылатын қызметке әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен шектеу енгiзуге, тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;

    3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ жобалар сараптамасының қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

    4) субъектiлердiң немесе лауазымды адамдардың заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұзуға жол беруiне байланысты азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу туралы сотқа талап қоюға;

    5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңдарды және мемлекеттiк нормативтердi бұзудың өзге де фактiлерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен жүгiнуге құқығы бар.

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z0100

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жоба бекітілгенге дейін азаматтардың жоба бойынша ескертулері мен ұсыныстарын білдіру мүмкіндігі қарастырылған ба?

    Жауап

    Иә. Жоба бекітілгенге дейін азаматтардың өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіру мүмкіндігі қарастырылған. Елді мекендерді дамыту және салу жөніндегі қала құрылысы жобалары бекітілгенге дейін жеке және заңды тұлғалардың талқылауларға қатысуға, жеке және қоғамдық мүдделерге қатысты...

    ·
    Сұрақ

    Бас жоспарға енгізілетін өзгерістерді талқылау бойынша қоғамдық тыңдау қашан және қай жерде өтеді?

    Жауап

    Жоқ, себебі Құрылыс кодексіне сәйкес бекітілген бас жоспар жаңа бас жоспар бекітілгенге дейін қолданылады. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша мемлекеттік қызметті жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы орган көрсетеді. ЖАО қоғамдық талқылаулар туралы а...

    ·
    Сұрақ

    Қала немесе ауылдың бас жоспарын кім бекітеді?

    Жауап

    Бас жоспарды жергілікті мәслихат және Қазақстан Үкіметі бекітеді. Аудандықмаңызы бар қалалар мен кенттердің бас жоспарларын, сондай-ақ халықтың есептік саны 5 мың тұрғынға дейінгі ауылдық елді мекендерді дамыту және салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспарларды) бекіту аудандық м...

    ·
    Сұрақ

    Сәулет-жоспарлау тапсырмасысыз құрылыс салуға бола ма?

    Жауап

    Сәулет-жоспарлау тапсырмасысыз құрылыс салуға болмайды. Елді мекендердің аумақтарын дамыту және салу бекітілген қала құрылысы жобалары негізінде жүзеге асырылады. Елді мекенді дамытуды кешенді жоспарлауды айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты елді мекеннің бекітілген бас жоспа...

    ·
    Сұрақ

    Жаңа бас жоспар бекітілгенге дейін жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Жоқ, себебі Құрылыс кодексіне сәйкес бекітілген бас жоспар жаңа бас жоспар бекітілгенге дейін қолданылады. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту — жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы орган көрсететін мемлекеттік қызмет. Елді мекеннің бас жоспары немесе...

    ·
    Сұрақ

    Сәулет-жоспарлау тапсырмасысыз құрылыс салуға бола ма?

    Жауап

    Елді мекендердің аумақтарын дамыту және салу бекітілген қала құрылысы жобалары негізінде жүзеге асырылады. Елді мекенді дамытуды кешенді жоспарлауды айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты елді мекеннің бекітілген бас жоспары болып табылады Мақсаты: Елді мекендерді кешенді және...

    ·
    Сұрақ

    Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру қанша уақыт алады?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1 Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер құрылысының жобалары бойынша: АПЗ және техникалық шарттарды ұсынуға-9 (тоғыз) жұмыс күні; жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды ұсынуға - 15 (он бес) жұмыс күні. Мемлекет...

    ·
    Сұрақ

    Сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу үшін қандай құжаттар керек?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметті алу үшін 1 өтініш беруші "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге өзгеріске байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жаб...

    ·