Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жергілікті мансап орталығына қайырылу қажет немесе жеке кабинет арқылы «Еnbеk kz» сайт арқылы тіркелуге болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жергілікті мансап орталығына қайырылу немесе Enbek.kz сайты арқылы онлайн тіркелуге болады. Ол үшін сізде ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болуы қажет.
Тіркелу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
- Enbek.kz сайтына кіріп, жеке кабинетке өтіңіз;
- Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу туралы өтініш толтырыңыз;
- Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;
- Өтініш тексерілген соң, жеке кабинетке хабарлама келеді;
- Сәтті тіркелгеннен кейін, 3 жұмыс күні ішінде Enbek.kz сайтынан өзіңізге лайықты жұмыс таңдай аласыз.
Сондай-ақ тіркеуді жергілікті мансап орталығы арқылы да жасай аласыз. Ол үшін жеке куәлік, диплом және ЭЦҚ алып баруыңыз қажет. Алдымен сізді жұмыс іздеуші ретінде тіркейді. Үш күннен кейін сізге жұмыссыз мәртебесі беріледі.