Арнайы салық режимдеріне (АСР) көшу процесін жеңілдету мақсатында жаңа Салық кодексінде келесі өтпелі ережелер көзделген:
қызметті тек интернет-платформа арқылы жүзеге асыратын салық төлеушілер салық органдары тарапынан автоматты түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шығарылады және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне ауыстырылады;
патент негізіндегі АСР пайдаланатын жеке кәсіпкерлер (ЖК), арнайы мобильді қосымшаны пайдалану арқылы, егер шарттарға сәйкес келсе, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне өту үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шығуы қажет;
мұндай тұлғалардың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимін таңдауы – арнайы мобильді қосымшада осы режим бойынша чек шығарылған айда танылып есептеледі.