Менің оқуышым 2 разряд және өзім спорт төреші бойынша бұйрығым шықты, енді бұл бұйрығым қанша уақытқа жарайды?
5 жыл
Облыс әкімінің гранты қандай отбасыларға тағайындалады?
«Бакалавр» дәрежесін алуға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын студенттерге, өтініш берген уақыттың алдыңғы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген шамасынан төмен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, атап айтқанда:
мүгедектігі бар балаларға, жетім балаларға, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінде, балалар ауылында тәрбиеленушілерге, ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткер, ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедектігі бар адам болып табылатын балаларға, құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған, толық емес отбасыларындағы балаларға;
табысы аз отбасылардан шыққан балаларға отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда тағайындалады;
Менің оқуышым 2 разряд және өзім спорт төреші бойынша бұйрығым шықты, енді бұл бұйрығым қанша уақытқа жарайды?
5 жыл
Менің отбасымдағы бір мүшені еске алуға арналған ат бәйгесінен спорттық жарыс өткізейін деп едім. Сіздер бөлім тарапыныздан қандай көмек болады?
Ең алдымен ат бәйгесін өткізу бойынша Арал ауданы әкімдігіне рұқсат алу жөнінде өтініш жолданады. Рұқсат берілген жағдайда, Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі жарысты ұйымдастыруға қатысты жоспарлау, үйлестіру және өткізу жұмыстарына қолдау көрсететін болады
Мен біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы біліктілік санатын алу жөнінде өтінішімді қайда барып тапсырамын?
«Біліктілік санатын алу үшін өтінішіңізді Арал қаласы, Қарасақал Ерімбет көшесі №67 мекенжайында орналасқан «Халыққа қызмет көрсету» орталығы департаментінің Арал аудандық бөліміне барып тапсыра аласыз. Сондай-ақ өтініш беру мүмкіндігі Egov Mobile қосымшасы арқылы да қарастырылға...
Менің оқуышым тиісті спорттық разряд алуға өтінішіме сәйкес, спорттық разряд алу бойынша бұйрығым қанша уақытта шығады?
15 жұмыс күні ішінде
Мен біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы біліктілік санатын алайын деп едім, қандай құжаттар керек?
Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: Тізілімге енгізілген спорт түрлері бойынша "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар және біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман...
Өңірлік «Тарихи тұлғалар» тізіміне қандай тұлғалардың есімдерін енгізуге ұсынуға болады?
облыс, қала, аудандардың «Құрметті азаматы» атағының иегерлері; - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңның 11-бабына сай Қазақстан Республикасының ордендерiнің иегерлері; - аймақтың дамуына үлес қосқан қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар, сондай-ақ ерекше ең...
Кәсіпкерлік бөлімі тарапынан азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілеме?
Әлеуметтік маңызы бар сұранысы жоғары азық-түлік тауарларымен азық-түлік емес тауарлардың мұнай өнімдерінің бағасын күнделікті мониторинг жүргізу, олардың бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар апталық, тоқсандық мерзімде жүргізіліп тұрады
Несие алу үшін қандай шарттар басты болып табылады?
Бөлімге келіп кәсіп ашу бойынша ақпарат сұраған жеке кәсіпкер және жеке тұлғаға басты шартының қажет ететін несие тарихы таза яғни, ешқандай несие бойынша 90 күннен асқан мерзімі өткізіп алған күндері болмау немесе жеке кәсіпкерлік счеттары ашық болуы және кепіл мүліктің құжаттар...