Осы елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 37-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін (бұдан әрі-сумен жабдықтау және су бұру жүйесі) пайдалану тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
авария-сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің немесе жекелеген құрылыстардың, жабдықтардың, құрылғылардың бұзылуы немесе істен шығуы, сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің, ауыз су сапасының тоқтатылуына не елеулі төмендеуіне және халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соқтырған;
Тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру бойынша ұсынылған қызметтер көлемін айқындау нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7257 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру бойынша ұсынылған қызметтер көлемін есептеу әдістемесі бойынша жүзеге асырылады.