Менің жеке балабақшам бар. Осы балабақшаға терроризмге қарсы паспорт қалай алуға болады?

    Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы

    Сұрақ

    Менің жеке балабақшам бар. Осы балабақшаға терроризмге қарсы паспорт қалай алуға болады?

    Жауап

    Адамдар көп жиналатын террористік тұрғыдан осал (бұдан әрі - ТТО) о бъектілерге білім алушылар мен персоналдың нақты саны 100 (бір жүз) және одан көп білім беру ұйымдары, соның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жатады.

    Білімі беру ұйымдарына терроризмге қарсы паспорт жоғарыда аталған өлшемшартқа сәйкес келген жағдайда және ТТО объектілердің аумақтық тізбесіне енгізілгеннен кейін жасалады.

    Осы орайда ТТО объектілерінің аумақтық тізбесіне объектілерді енгізу, шығару және тиісті өзгерістерді жасау бойынша өтінімдер жылына екі рет, бірінші кезеңі бойынша өтінімдер 1 маусымға дейін қабылданып, тізбе 1 тамыздан кешіктірмей бекітіледі және екінші кезеңінде өтінімдер 1 желтоқсанға дейін қабылданып, келесі жылдың 1 ақпаннан кешіктірмей тізбені бекіту жүргізіледі. Тізбе бекітіліп, объекті тізбеге енгізілгеннен кейін объектінің меншік иесімен бұл туралы хабарлама алған күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде әзірленіп бекітіледі және паспорт полиция органдарымен келісіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Азаматтар мерзімді әскери қызметтен қандай жағдайларда босатылады?

    Жауап

    Азаматтар мерзімді әскери қызметтен келесі жағдайларда босатылады:Денсаулық жағдайы бойынша• Әскери-дәрігерлік комиссия «әскери қызметке жарамсыз» немесе «бейбіт уақытта жарамсыз» деп таныса.• Ауыр созылмалы аурулар, мүгедектік болған жағдайда. Отбасы жағдайына байланысты• Жалғыз...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік нысандары террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесіне қандай өлшемшарттар бойынша енгізіледі ?

    Жауап

    Кәсіпкерлік нысандары үшін адамдар көп жиналатын террористік тұрғыдан осал объектілер ретінде мынадай өлшемшарттар белгіленеді:1) сауда алаңы 500 (бес жүз) шаршы метр және одан көп сауда объектілері. Сауда алаңына қарамай аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрі саудасы жүзеге асырылатын...

    Сұрақ

    Облыс аумағында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қай кезде және қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Белгіленген талаптарға сәйкес залалсыздандыру жұмыстары жылына 2 рет, көктемде және күзде жүргізіледі. Заласыздандыру жүргізілетін елді мекендер тізімі облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен анықталса, олардағы мал бастары, қора, суат, шаңлақтар мен қолдан...

    Сұрақ

    Мерзімді әскери қызметте жүрген әскери қызметке шақырудың алдында жұмыс жасайтын азаматтарға жұмыс орындары сақталады ма?

    Жауап

    Бұрын бұл мәселе заңнамада қаралмаған еді. 2020 жылдың 13 маусымында қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртеб...