Мерзімді әскери қызметте жүрген әскери қызметке шақырудың алдында жұмыс жасайтын азаматтарға жұмыс орындары сақталады ма?
Бұрын бұл мәселе заңнамада қаралмаған еді. 2020 жылдың 13 маусымында қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабының 7 тармағында «Мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.» делінген.