Алимент бойынша берешек қалай анықталады?
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 99-бабына сәйкес алимент бойынша берешек мөлшері атқарушылық құжат орындалатын жердегі сот орындаушысы арқылы анықталады. Берешек сомасы өндіріп алу жүргізілмеген кезеңдегі борышкердің нақты жалақысы (табысы) негізінде есептеледі. Егер аталған кезеңде борышкер жұмыс істемеген болса немесе оның жалақысын не өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаса, ай сайынғы төлемдер және (немесе) алимент бойынша берешек Қазақстан Республикасындағы берешекті өндіріп алу сәтіндегі орташа айлық жалақы мөлшерін негізге ала отырып есептеледі.