Борышкерді іздеу тәртібі қандай?
Егер борышкердің жүрген жері белгісіз болса, сот орындаушы атқарушылық құжатты орындау орны бойынша прокуратура органдарына борышкерді іздеуге жариялау туралы қаулы шығарып, жолдауға міндетті.
Борышкерді іздеу ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі арқылы жүзеге асырылады.
Іздеу жарияланған жағдайда атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады, ал борышкердің тұрған жері анықталған немесе оның мүлкі табылған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.
Борышкерді іздеу прокурордың санкциясымен ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Борышкерді іздеуге жұмсалған шығыстар атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған шығыстарға жатады және сот тәртібімен борышкерден мемлекет кірісіне өндіріп алынады.