Әкімшілік жауаптылыққа қандай санаттағы адамдар тартылады?

    Түркістан облысының Әділет департаменті

    Сұрақ

    Әкімшілік жауаптылыққа қандай санаттағы адамдар тартылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 28-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатындар: Он алты жасқа толған және есі дұрыс жеке тұлғалар, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған немесе оны жасауға әрекеттенген адамдар; Заңды тұлғалар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекет кепілдік берген заң көмегі дегеніміз не және оны алуға кім құқылы?

    Жауап

    Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бюджет қаражаты есебінен "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңда және ҚР заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен оны алуға құқығы бар адамдарға көрсетіледі. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі алуға құқығы бар тұлғалар: Барлық же...

    Сұрақ

    Мүліктің меншік иелері бірлестігі мемлекеттік тіркелген кезінен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлға құқықтарына ие болады. Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуді әділет органдары Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады. Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш; жиналыс хаттамасы; мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысы; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын квитанция немесе өзге де құжат ұсынылады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 44 б.).

    Жауап

    Мүліктің меншік иелері бірлестігі мемлекеттік тіркелген кезінен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлға құқықтарына ие болады. Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуді әділет органдары Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиал...

    Сұрақ

    Қатысушы мемлекеттік органның шешімімен келіспеген жағдайда қайда шағымданады?

    Жауап

    Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі. Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күніне...

    Сұрақ

    Борышкерді іздеу тәртібі қандай?

    Жауап

    Егер борышкердің жүрген жері белгісіз болса, сот орындаушы атқарушылық құжатты орындау орны бойынша прокуратура органдарына борышкерді іздеуге жариялау туралы қаулы шығарып, жолдауға міндетті. Борышкерді іздеу ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономика...

    Сұрақ

    Нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан қандай жағдайда бас тартады?

    Жауап

    Егер: 1) мұндай iс-әрекет жасау заңдарға қайшы келсе; 2) iс-әрекеттi басқа нотариус жасауға тиiс болса; 3) нотариаттық iс-әрекет жасау жөнiнде қабiлетсiз азамат немесе қажеттi өкiлеттiгi жоқ өкіл өтiнiш жасаса; 4) заңды тұлға атынан жасалатын мәмiле оның жарғысында немесе ережесi...