Электр энергиясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 272) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың электр энергиясын пайдалану тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда-ҚР Энергетика министрінің 20.12.2024 № 471 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көтерме және бөлшек сауда нарықтарында энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар арасында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен және осы Қағидалармен реттеледі.