Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 47 бабының 1 тармағына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативін басқарудың жоғары органы меншік иелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Қоқыс алаңын көшіру туралы мәселе осы органның құзыретіне жатады және жиналыстың күн тәртібіне енгізілуі тиіс.
Қоқыс алаңын көшіруге бастамашылық жасау үшін мынадай әрекеттер жасау қажет:
- Басқарушы органға (ПИК, МИБ, ЖС) жалпы жиналыстың талқылауына қоқыс алаңын ауыстыру туралы мәселені шығару туралы жазбаша өтініш беру.
- Меншік иелерінің жиналысын ұйымдастыру және өткізу, жиналыс барысында көпшілік дауыспен көшіру қажеттігі туралы шешім қабылдау және оны орналастырудың баламалы орнын айқындау.
- Аудан әкімдігінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өкілдерімен және өзге де уәкілетті органдармен бірлесіп ұсынылған учаскеге тексеру жүргізу.
- Белгіленген тәртіппен қоқыс алаңын орналастырудың жаңа орнына, қажет болған жағдайда әкімдік арқылы келісім алу қажет.
Меншік иелері арасында даулар туындаған немесе уәкілетті органдар ауыстыру мәселесіне байланысты келісуден бас тартқан жағдайда, мәселе сот тәртібімен шешілуі мүмкін.