Білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау қағидаларына» сәйкес көрсетіледі. Бұл үшін мектептерде «Жаппай оқыту» қоры құрылды.
Көмек түрлері:
- Тегін тамақтану:
- Көп балалы отбасылардан шыққан балаларды қоса алғанда, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 5-11 сынып оқушыларына беріледі.
- Материалдық көмек:
- «Мектепке жол» акциясы аясында 1-11 сынып оқушыларына киім мен мектеп керек-жарақтарын сатып алуға қолдау көрсетіледі.
Көмек алу шарттары:
Бала келесі санаттардың біріне жатуы керек:
- Атаулы әлеуметтік көмек алушылар (АӘК);
- Отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен;
- Жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- ТЖ зардап шеккен отбасылар;
- Басқа да санаттар (мектеп/комиссия шешімі бойынша).
Көмек алу тәртібі:
- Санатты растайтын құжаттарды дайындау.
- Мектепке өтініш беру (мемлекеттік қызметтер журналында тіркеледі).
- АӘК санаттары үшін және күнкөріс деңгейінен төмен табыс-Жұмыспен қамту орталығының көмегімен EGOV порталы арқылы беру.
- Қалған санаттар үшін-құжаттар мектепке ұсынылады. Алғашқы екі санат бойынша бас тартылған жағдайда, отбасы жағдайларын зерттеп, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайының актісін жасағаннан кейін жағдай 5-санат бойынша қаралуы мүмкін.