Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу бойынша мемлекеттік қолдау қалай жүзеге асырылады?

    ·
    Сұрақ

    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу бойынша мемлекеттік қолдау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына және индустриалық аймақтарға жетіспейтін инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу 2023 жылғы бірнеше Министрліктердің бірлескен бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады және кәсіпкердің жобасына мынадай талаптар қойылады: 1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) миллион теңгеден кем болмайтын;. 2) инфрақұрылымды салудың (реконструкциялаудың) құны 50 (елу) миллион теңгеден кем болмайтын, бұл ретте Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша 5 (бес) миллиард теңгеден аспайтын сомадағы жобалар үшін, сондай-ақ "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жобалар үшін инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қоспағанда, инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (реконструкциялаудың) ең көп сомасы 1 (бір) миллиард теңгеден аспайтын; 3) жобаларды салуға дайындық дәрежесі 30 %-дан кем болмайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады. Кәсіпкер инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі қамтылған осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған өтінішпен өңірлік үйлестірушіге жүгінеді, оған мына құжаттар қоса беріледі: 1) бизнес-жоспар; 2) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і; 3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Бизнес-иммигранттар» с5 санатындағы визаның қолданысын екі жылға дейін ұзарту туралы өтініш беру үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    «Бизнес-иммигранттар» с5 санатындағы визаның қолданысын екі жылға дейін ұзарту туралы өтініш беру үшін қажетті құжаттар№ Атауы 1. Нотариалды куәландырылған жарғы. 2. Төлқұжат пен жарамды визаның көшірмесі 3. Салық төлеушінің резидент емес тұлғаларын тіркеу туралы куәлік 4. Меншік...

    ·
    Сұрақ

    Қандай жағдайларда рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары бекітіледі.

    Жауап

    Жергілікті атқарушы органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағасының мөлшерін оны қайта қарау мүмкіндігімен күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге күнтізбелік 15...

    ·
    Сұрақ

    Ішкі сауданың қандай нысандары мен түрлерін білетініңізді айтыңыз

    Жауап

    1) ішкі сауда объектілеріне сауда объектілері мен қоғамдық тамақтану объектілері жатады; 2)санаттарға бөлінетін стационарлық сауда объектілері (1,2,3,4,5) 3) автоматтар, жылжымалы есептегіш, автотұрақ, шатыр, дүңгіршек болып бөлінетін стационарлық емес сауда объектілері. 4) сауда...

    ·
    Сұрақ

    Грант алу үшін қандай құжаттар тапсырылу қажет?

    Жауап

    Конкурсқа қатысу үшін ең алдымен«kezekte.kz» порталында тіркеліп, өтініш беру қажет. Өтінішке қосымша келесі құжаттар тіркеледі: -Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама(бар болған жағдайд...

    ·
    Сұрақ

    «Әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімі» дегеніміз не? Тізілімге қалай қосылуға болады?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл әлеуметтік мәселелерді шешуге немесе жұмсартуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын элек...

    ·
    Сұрақ

    2024 жылы су тасқыны салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығындарын өтеу қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Су тасқыны салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің залал сомасын, шығындарын анықтау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі №18 бұйрығымен бекітілген қағидасына сәйкес жүзеге асы...

    ·