«Әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімі» дегеніміз не? Тізілімге қалай қосылуға болады?
Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл әлеуметтік мәселелерді шешуге немесе жұмсартуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор.
Кәсіпкерлер тізілімге енгізілу үшін Басқармаға тиісті құжаттар тапсыруы қажет. Басқарма тарапынан тоқсан сайын айдың 1-нен 15-не дейін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған өтініштерді қабылдау жүзеге асырылады. Хабарландыру Басқарманың ресми сайтында жарияланып отырады.