Шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдаудың қандай түрлері бар?
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысымен "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттыққаржыландыру, субсидиялау, бизнес жобаларға кепілдік беру жүзеге асырылады.