Қызметті тоқтату туралы салық өтінішін беру сәтіне бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлер жеңілдетілген тәртіппен қызметті тоқтатуға жатады:
1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебІнде тұрмаған;
2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтындар;
3) осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;
4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша іріктемелі салықтық тексерулер тізімінде жоқ не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық кестесінде жоқ, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер;
5) салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
6)тәуекелдердібасқаружүйесі бойынша тәуекелдердің жоғарыдеңгейіжоқ.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан кезде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде ұсынады:
1) Қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш;
2) Тарату салық есептілігін;
3)осы Кодекстің 169-бабында айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын (ол болған кезде)есептен шығару туралы салықтық өтініш.
Салық органы осы тармаққа сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыра