Декларация тапсыру мерзімі басталған кезде шетелде немесе ұзақ мерзімді іссапарда болатын Қазақстан Республикасының азаматтары есепті қалай тапсырады?
Салық есептілігі электрондық түрде
салық төлеушінің кабинеті арқылы,
«Электрондық үкімет» порталы,
сондай-ақ «e-Salyk Azamat» и «e-Gov mobile», «Халық банкінің» мобильді қосымшалар арқылы тапсыруға болады.
- нақты тәртіпте - қағаз жүзінде, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы;
- хабарламамен бірге тіркелген почта арқылы - қағаз жүзінде;
Сонымен қатар, ол салық міндеттемесін тиісті сенімхатпен уәкілетті өкіл арқылы орындауды қарастырады.