Бақылау-қасса машиналарын қолданудан кім босатылады?

    ·
    Сұрақ

    Бақылау-қасса машиналарын қолданудан кім босатылады?

    Жауап

    Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ел аумағындағы барлық ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және/немесе беру функциясымен жарақтандырылған бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) пайдалана отырып, міндетті есепке алынуға жататынын хабарлайды. Бұл ретте қолданылатын БКМ моделі Мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс.

    Бақылау – касса машиналарын қолданудан кім босатылады?

    1. Кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар жүзеге асыратын есеп айырысулар.
    2. Жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен медиаторлардың қызметі.
    3. Белгіленген нысандағы билеттерді міндетті түрде бере отырып қоғамдық қалалық көлікте жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету.
    4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін операциялар.
    5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялық желі жоқ елді мекендерде жүзеге асырылатын салық төлеушілердің қызметі.
    6. Екінші деңгейдегі банктер жүргізетін есеп айырысулар.
    7. Діни бірлестіктер.
    8. Ұлттық пошта операторы-байланыс желісіне қол жеткізусіз орындарда есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда.
    9. Уәкілетті органдар мақұлдаған арнайы мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар.

    Телекоммуникациясыз аумақтар үшін ерекше жағдайлар

    Кәсіпкерлік қызмет телекоммуникациялық желі жоқ аймақта жүргізілетін жағдайларда, осы модель Мемлекеттік тізілімге енгізілген жағдайда, деректерді беру функциясынсыз бақылау-кассалық машиналарды пайдалануға жол беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Декларация тапсыру мерзімі басталған кезде шетелде немесе ұзақ мерзімді іссапарда болатын Қазақстан Республикасының азаматтары есепті қалай тапсырады?

    Жауап

    Салық есептілігі электрондық түрде салық төлеушінің кабинеті арқылы, «Электрондық үкімет» порталы, сондай-ақ «e-Salyk Azamat» и «e-Gov mobile», «Халық банкінің» мобильді қосымшалар арқылы тапсыруға болады. - нақты тәртіпте - қағаз жүзінде, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет...

    ·
    Сұрақ

    Көлік құралдарын әкелу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі қандай?

    Жауап

    Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы хабардар етеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасынан шетел валютасын әкету

    Жауап

    Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 343–бабы 1–тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО–тың кедендік аумағынан бір уақ...

    ·
    Сұрақ

    Зейнеткерлер мүлік салығынан босатылған ба?

    Жауап

    Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнеткерлер жеке тұлғалардың мүлік салығынан толығымен босатылатындығы туралы ақпарат таратылатынын хабарлайды. Дегенмен бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстан Республикасының Салы...

    ·
    Сұрақ

    Мен 250.00 нысандағы декларацияға (жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация) ақпаратты қате енгіздім, деректерді қалай қайтаруға немесе түзетуге болады?

    Жауап

    Декларацияны 250.00 есептілік нысанын «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық өтініштері» бөлімі, бұдан әрі «Салық есептілігін кері қайтарып алу туралы өтініш»); Egov порталы («Кеден және салықтар» бөлімі, «Салық салу» бөлімшесі, «Декларацияны кері қайтарып алу» қызметі)арқылы...

    ·
    Сұрақ

    Мен пәтердің иесімін, бірақ мүлік салығы менің жұбайыма есептелді, неге?

    Жауап

    Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк, олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 33-бабы). Ортақ бірлескен меншікте өзара келісім бойынша мүлік иелерінің бірі салық төлеуші ​​болып та...

    ·
    Сұрақ

    Декларацияның ( 250.00 нысанды «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация» /270.00 нысанды «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация») қабылданғанын/қабылданбағанын қалай және қайдан білуге болады?

    Жауап

    Декларацияның (250.00 нысанды «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация» / 270.00 нысанды «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация» нысаны) қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарламаны Сіз декларацияны табыстаған қосымшадан немесе кез келг...

    ·