Салық сомаларын қайдан көруге болады?
Сұрақ: Салық сомаларын қайдан көруге болады?
Жауап: ҚР ҚМ МКК порталында www.kgd.gov.kz. ("электрондық сервистер" бөлімінде "салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер");
- Электрондық үкімет порталында (egov.kz) (кеден және салықтар - салық салу-қызметтер-салық берешегін қарау және төлеу;
- E-salykazamat мобильді қосымшасында (мәзір - электрондық сервистер-салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы Сервис);
- E-salyqbusiness мобильді қосымшасында (сервистер – Дербес шоттан үзінді көшірме).
- Банктердің мобильді қосымшаларында.