Сұрақ: Салық төлеуші кабинетінде бұзушылық туралы хабарламаға қосымшаны қалай жүктеуге болады?
Жауап: Салық төлеуші кабинетінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша келіп түскен жаңа хабарлама автоматты түрде ашылады. Әрі қарай жұмыс істеу үшін танысу туралы белгі қою керек. Сондай-ақ, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық төлеуші кабинетіне хабарламаның өзі ғана келетінін, ал оған қосымшаны өзінің электрондық мекенжайына сұрау керек екенін ескеру қажет.
Ол үшін сізге қажет:
- Салық төлеуші кабинетіндегі хабарламалар журналына кіруге;
- "Әрекеттер" бағанында конверттің бейнесі көрсетіледі;
- оны басу керек, терезе шығады;
- терезеде электрондық пошта мекенжайын теріп, "Жіберу"батырмасын басу керек;
- пошта арқылы хабарлама келеді;
- Тіркемеде оған камералдық бақылау туралы хабарлама және оған қосымшалар келеді.