Мектепте тегін тамақтануға кім құқылы?

    "Абай облысы Жаңасемей ауданының Шульбинск кенті әкімінің аппараты" ММ

    Сұрақ

    Мектепте тегін тамақтануға кім құқылы?

    Жауап

    ҚР үкіметтерінің № 64 Қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттары тегін тамақ алуға құқылы:

    1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

    2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;

    3) жетім балаларға және отбасында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

    4) Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

    5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) беріледі.

    Білім беру ұйымының алқалы басқару органы Қамқоршылық кеңес болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тұрғын үйді қалай алуға болады?

    Жауап

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 67-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 74-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған, осы елді мекенде тұрақты тұратын және...

    Сұрақ

    Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмектің қандай түрлері ұсынылады?

    Жауап

    Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінің белгіленген мөлшерінен аспайтын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты - ақшалай төлемдер түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қа...