Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмектің қандай түрлері ұсынылады?

    "Абай облысы Жаңасемей ауданының Шульбинск кенті әкімінің аппараты" ММ

    Сұрақ

    Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмектің қандай түрлері ұсынылады?

    Жауап

    Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінің белгіленген мөлшерінен аспайтын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты - ақшалай төлемдер түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

    Қалалар мен аудандар мәслихаттарының шешімдерімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары негізінде азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға Атаулы және мерекелік күндерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету көзделген.

    Қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары аз қамтылған отбасыларға «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тұрғын үйді қалай алуға болады?

    Жауап

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 67-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 74-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған, осы елді мекенде тұрақты тұратын және...

    Сұрақ

    Мектепте тегін тамақтануға кім құқылы?

    Жауап

    ҚР үкіметтерінің № 64 Қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттары тегін тамақ алуға құқылы: 1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; 2) жан басына шаққандағы орташа таб...