ШҚО ТЖД көлік құралдарының (крандар, бульдозер, трактор және т. б.) тіркелуі, болуы және иеліктен шығарылуы туралы мәліметтер бере ме?
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі-Департамент) сіздің сұрауыңызды қарап, мынаны хабарлайды. "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 77-бабына сәйкес Департамент өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады. Заңның 1-бабының 32-1) тармақшасында айқындалған қауіпті техникалық құрылғылар есепке қоюға және есептен шығаруға жатады.