Шетел валютасын Қазақстан Республикасынан алып кеткенде нені білу керек?

    ·
    Сұрақ

    Шетел валютасын Қазақстан Республикасынан алып кеткенде нені білу керек?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 343–бабы 1–тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО–тың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма–қол ақша қаражатының және жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма–қол ақша қаражаты және жол чектері кедендік декларациялауға жататынын хабарлайды.

    Алайда, бүгінгі таңда елдің ұлттық мүдделерін қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығы қолданылады, онда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма–қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады.

    Сонымен қатар, «Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешіміне сәйкес 16 жасқа толмаған жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтер, аталған тұлғалармен бірге жүретін тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтермен бірге бір жолаушы кедендік декларацияда көрсетіледі.

    Осылайша, отбасының әрбір мүшесіне 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан аспайтын қолма–қол шетел валютасын әкетуге рұқсат етіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстанда пәтерді сату кезінде салық төлеу қажет пе?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті пәтерді сату кезінде құн өсімінен табыс алынған жағдайда жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндеті туындайтынын хабарлайды. Салық пәтерді сатудан түскен барлық сомаға емес, оны сатып алу құны мен сату құны арасындағы оң айыр...

    ·
    Сұрақ

    Егер келісімшартта шетел валюталарының бағамдары өзгерген жағдайда теңгемен алынған қарыз сомасын түзету көзделсе, онда бұл салық салуда қалай көрінеді?

    Жауап

    Жауап Қазір қолданыстағы Салық кодексінде бұл мәселе көрсетілмеген және әртүрлі түсіндірмелер тудырады, соның ішінде салықтық бақылау нәтижелері бойынша мұндай сомалар сыйақы ретінде танылады. Жаңа Салық кодексінде осы мәселе бойынша жекелеген нормалар көзделген. Осылайша, валюта...

    ·
    Сұрақ

    Жаңа Салық кодексінде Әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер жөніндегі қолданыстағы Салық кодексінің 239-бабына ұқсас бап жоқ. 2026 жылдан бастап мұндай кірістерге қалай салық салынады?

    Жауап

    Жауап: Жаңа Салық кодексінде жекелеген нормалар жоқ және әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түскен кірістер бойынша жеке салық есебі көзделмейді, тиісінше салық салудың жалпы тәртібі қолданылады. Яғни, әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер болған кезде...

    ·
    Сұрақ

    Жаңа Салық кодексінде КТС қандай ставкалары қарастырылған?

    Жауап

    Жауап: КТС базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталады. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметті қоспағанда, банк секторы үшін мөлшерлеме 25% -. құрайды (20%). Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын табысты айқы...

    ·
    Сұрақ

    Салықтық тексеруге қалай дайындалу керек?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді: уақтылы дайындық – сабырлылық пен ашықтықтың кепілі.Салық есептілігін тексеріңіз – ішкі аудит жүргізіңізЕсеп саясаты мен құжаттарды жаңартыңызЗаңнамадағы өзгерістерді бақылап отырыңызБухгалтерлер мен заңгерлерд...

    ·
    Сұрақ

    Салық органдары қандай тексерулер жүргізе алады?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 145-бабына сәйкес салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінетінін хабарлайды: 1) тәуекел дәрежесін бағал...

    ·
    Сұрақ

    Бақылау – касса машиналарын қолданудан кім босатылады?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ел аумағындағы барлық ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және/немесе беру функциясымен жарақтандырылған бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) пайдалана отырып, міндетті есепке алынуға...

    ·
    Сұрақ

    Көлік құралдарын әкелу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі қандай?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы хабардар етеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағ...

    ·