Бақылау-касса машинасының чегінде сатып алушының ЖСН-і көрсетілуі керек пе?

    ·
    Сұрақ

    Бақылау-касса машинасының чегінде сатып алушының ЖСН-і көрсетілуі керек пе?

    Жауап

    Әлеуметтік желілерде азаматтар кейбір дүкендерде сатушылар сауда жасағаннан кейін сатып алушылардан ЖСН-ді беруді талап ететінін айтып, шағымдануда. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бақылау-касса машинасының чегінде сатып алушының ЖСН-і қай кезде көрсетілуі керектігін түсіндірді.

    Бұрын деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдану тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Салық кодексінің 166-бабына).

    Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БКМ қолдану кезінде тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады.

    Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес БКМ чегінде көрсетілуі тиіс ақпарат тізбесі белгіленген.

    Өз кезегінде, Салық кодексінің 166-бабы 7-тармағына сәйкес онлайн-БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетілуі тиіс.

    Осылайша, тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде сатушы БКМ чегін беруге және тек қана сатып алушының (клиенттің) талабы бойынша БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының ЖСН нөмірін көрсетуге міндетті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстанда пәтерді сату кезінде салық төлеу қажет пе?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті пәтерді сату кезінде құн өсімінен табыс алынған жағдайда жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндеті туындайтынын хабарлайды. Салық пәтерді сатудан түскен барлық сомаға емес, оны сатып алу құны мен сату құны арасындағы оң айыр...

    ·
    Сұрақ

    Егер келісімшартта шетел валюталарының бағамдары өзгерген жағдайда теңгемен алынған қарыз сомасын түзету көзделсе, онда бұл салық салуда қалай көрінеді?

    Жауап

    Жауап Қазір қолданыстағы Салық кодексінде бұл мәселе көрсетілмеген және әртүрлі түсіндірмелер тудырады, соның ішінде салықтық бақылау нәтижелері бойынша мұндай сомалар сыйақы ретінде танылады. Жаңа Салық кодексінде осы мәселе бойынша жекелеген нормалар көзделген. Осылайша, валюта...

    ·
    Сұрақ

    Жаңа Салық кодексінде Әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер жөніндегі қолданыстағы Салық кодексінің 239-бабына ұқсас бап жоқ. 2026 жылдан бастап мұндай кірістерге қалай салық салынады?

    Жауап

    Жауап: Жаңа Салық кодексінде жекелеген нормалар жоқ және әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түскен кірістер бойынша жеке салық есебі көзделмейді, тиісінше салық салудың жалпы тәртібі қолданылады. Яғни, әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер болған кезде...

    ·
    Сұрақ

    Жаңа Салық кодексінде КТС қандай ставкалары қарастырылған?

    Жауап

    Жауап: КТС базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталады. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметті қоспағанда, банк секторы үшін мөлшерлеме 25% -. құрайды (20%). Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын табысты айқы...

    ·
    Сұрақ

    Салықтық тексеруге қалай дайындалу керек?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді: уақтылы дайындық – сабырлылық пен ашықтықтың кепілі.Салық есептілігін тексеріңіз – ішкі аудит жүргізіңізЕсеп саясаты мен құжаттарды жаңартыңызЗаңнамадағы өзгерістерді бақылап отырыңызБухгалтерлер мен заңгерлерд...

    ·
    Сұрақ

    Салық органдары қандай тексерулер жүргізе алады?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 145-бабына сәйкес салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінетінін хабарлайды: 1) тәуекел дәрежесін бағал...

    ·
    Сұрақ

    Бақылау – касса машиналарын қолданудан кім босатылады?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ел аумағындағы барлық ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және/немесе беру функциясымен жарақтандырылған бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) пайдалана отырып, міндетті есепке алынуға...

    ·
    Сұрақ

    Көлік құралдарын әкелу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі қандай?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы хабардар етеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағ...

    ·