Жолаушылар кедендік декларациясын қажет ететін тауарлар

    ·
    Сұрақ

    Жолаушылар кедендік декларациясын қажет ететін тауарлар

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жолаушылар кедендік декларациясы – бұл Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу кезінде жеке тұлғалар толтыратын құжат екенін хабарлайды.

    Декларацияны тапсырудың келесі жолдары бар:

    - Электрондық үкімет порталы eGov.kz;

    - e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы.

    Жеке тұлғалар жолаушылар кедендік декларациясын тапсырады. Қызмет тегін көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі-жолаушылар кедендік декларациясы тіркелген сәттен бастап 4 сағат жұмыс уақыты ішінде.

    Жолаушылар кедендік декларациясы қажет тауарларға мыналар жатады:

    - 10 000 АҚШ долларына баламалы сомаға ақша (бағам шекарадан өткен күні ескеріледі);

    - жеке автокөлік құралдары;

    - бағалы материалдар;

    - мәдени құндылықтар;

    - жануарлар мен өсімдіктер;

    - қару және есірткі заттары.

    ЕАЭО аумағына әкелу кезінде саны мен құны бажсыз әкелу нормасынан асатын тауарлар да міндетті декларациялауға жатады.

    Жеке тұлғалар үшін тауарларды декларацияламағаны үшін әкімшілік, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстанда пәтерді сату кезінде салық төлеу қажет пе?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті пәтерді сату кезінде құн өсімінен табыс алынған жағдайда жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндеті туындайтынын хабарлайды. Салық пәтерді сатудан түскен барлық сомаға емес, оны сатып алу құны мен сату құны арасындағы оң айыр...

    ·
    Сұрақ

    Егер келісімшартта шетел валюталарының бағамдары өзгерген жағдайда теңгемен алынған қарыз сомасын түзету көзделсе, онда бұл салық салуда қалай көрінеді?

    Жауап

    Жауап Қазір қолданыстағы Салық кодексінде бұл мәселе көрсетілмеген және әртүрлі түсіндірмелер тудырады, соның ішінде салықтық бақылау нәтижелері бойынша мұндай сомалар сыйақы ретінде танылады. Жаңа Салық кодексінде осы мәселе бойынша жекелеген нормалар көзделген. Осылайша, валюта...

    ·
    Сұрақ

    Жаңа Салық кодексінде Әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер жөніндегі қолданыстағы Салық кодексінің 239-бабына ұқсас бап жоқ. 2026 жылдан бастап мұндай кірістерге қалай салық салынады?

    Жауап

    Жауап: Жаңа Салық кодексінде жекелеген нормалар жоқ және әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түскен кірістер бойынша жеке салық есебі көзделмейді, тиісінше салық салудың жалпы тәртібі қолданылады. Яғни, әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер болған кезде...

    ·
    Сұрақ

    Жаңа Салық кодексінде КТС қандай ставкалары қарастырылған?

    Жауап

    Жауап: КТС базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталады. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметті қоспағанда, банк секторы үшін мөлшерлеме 25% -. құрайды (20%). Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын табысты айқы...

    ·
    Сұрақ

    Салықтық тексеруге қалай дайындалу керек?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді: уақтылы дайындық – сабырлылық пен ашықтықтың кепілі.Салық есептілігін тексеріңіз – ішкі аудит жүргізіңізЕсеп саясаты мен құжаттарды жаңартыңызЗаңнамадағы өзгерістерді бақылап отырыңызБухгалтерлер мен заңгерлерд...

    ·
    Сұрақ

    Салық органдары қандай тексерулер жүргізе алады?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 145-бабына сәйкес салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінетінін хабарлайды: 1) тәуекел дәрежесін бағал...

    ·
    Сұрақ

    Бақылау – касса машиналарын қолданудан кім босатылады?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ел аумағындағы барлық ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және/немесе беру функциясымен жарақтандырылған бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) пайдалана отырып, міндетті есепке алынуға...

    ·
    Сұрақ

    Көлік құралдарын әкелу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі қандай?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы хабардар етеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағ...

    ·