Атаулы әлеуметтік көмек алуға кім құқылы?
Атаулы әлеуметтік көмек алуға жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар, шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар құқылы.
(Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің Заңы» (01.01.2023 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен)