Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу мәселесі бойынша
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағында айтылады: «жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады.
Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді (ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы №255 бұйрығымен бекітілген).