Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер алу үшін аудан әкімдігі өткізетін жер учаскелерін беру конкурсына қатысу қажет. Сіз бос жерді өзіңіз таңдап, аудан әкімдігіне осы жерді конкурсқа қою туралы өтініш бере аласыз немесе конкурсқа қойылған басқа жерлерге қатыса аласыз. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды жинақтау қажет. Қажетті құжаттардың тізбесі: Конкурсқа қатысуға өтінім және жер заңнамасы бойынша бизнес-жоспар мен міндеттемелерді қамтитын конкурстық ұсыныс. Осы құжаттарды дайындағаннан кейін өтінімді ауданның жер қатынастары бөліміне қолма-қол қағаз түрінде немесе "электрондық үкімет"порталы арқылы электрондық түрде тапсыру қажет. Конкурсты жеңіп алған жағдайда аудан әкімдігі тарапынан Сізге жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды беретін болады.