Жергілікті жерде танымал болған адамға көше атын қалай беруге болады?

    Шет ауданының әкімдігі

    Сұрақ

    Жергілікті жерде танымал болған адамға көше атын қалай беруге болады?

    Жауап

    Жергілікті жерде танымал болған адамға көше атын беру үшін ең алдымен, аталған тұлғаны республикалық «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу керек. Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына ұсыну үшін қажетті құжаттар жинақтау қажет.
    Қажетті құжаттар тізімі: ұсынылған адамның өмірбаяндық деректері, еңбек кітапшасының көшірмесі, ғылыми еңбектері, орден, медальдері туралы архивтік құжаттар және тұлға жайында Республикаға айрықша еңбегі сіңгені туралы тарихи дәлелді деректердің, марапаттарының, газетке шыққан мақалалардың көшірмелері және ұсыныс.

    Жоғарыда аталған құжаттар толық жинақталған жағдайда, олардың сканерленген нұсқасын және ұсынысты Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің [email protected] электронды почтасына жолдау қажет.
    .Аталған тұлғаға көше атауын беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының шешімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру қажет пе?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмекті толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру міндетті емес. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге байланысты емес. Мысалы, егер сіз құжаттарды уәкілетті органға 20 сәуірде тапсырсаңыз, онда...

    Сұрақ

    Жол қашан салынады?

    Жауап

    Жол салу үшін ең алдымен жолдың қандай жағдайда екендігін анықтап, сараптама жасалады.Алдымен жол құрылысына қатысты жобалау-сметалық құжаттама дайындалады. Бұл құжат жобаның көлемі мен құнын анықтайды.Дайындалған жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға ұсынылып, онда...

    Сұрақ

    Тұрғын үй көмегі қандай шығындарды өтейді?

    Жауап

    Тұрғын үй көмегі: кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоне...

    Сұрақ

    Шаруа қожалық жүргізу үшін жерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер алу үшін аудан әкімдігі өткізетін жер учаскелерін беру конкурсына қатысу қажет. Сіз бос жерді өзіңіз таңдап, аудан әкімдігіне осы жерді конкурсқа қою туралы өтініш бере аласыз немесе конкурсқа қойылған басқа жерлерге қатыса аласыз. Конкурсқа қатыс...