Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымда:
1) шешімдеріне шағым жасалатын заңды тұлғаның, сарапшының атауы, орналасқан жері, әрекеттері (әрекетсіздігі);
2) шағым берген тұлғаның атауы, орналасқан жері;
3) шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтар жасалған мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер;
4) қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзудың нақты фактілеріне нұсқау;
5) тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, бірыңғай оператордың шағымданған әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері.