Өнім беруші шарттық міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты қалайша бұзуға не тоқтата тұруға болады?

    ·
    Сұрақ

    Өнім беруші шарттық міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты қалайша бұзуға не тоқтата тұруға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын тоқтата тұру және өнім беруші тарапынан шарттан бір жақты бас тарту көзделмеген.

    Сонымен бірге Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

    Азаматтық кодекстің 402-бабына сәйкес шартты өзгерту және бұзу тәртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады.

    Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады.

    Баяндалғанның негізінде шартты өзгерту және бұзу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада және Азаматтық кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алу бойынша шағымда не көрсетілуі тиіс?

    Жауап

    Мемлекеттік сатып алу бойынша шағымда не көрсетілуі тиіс? Қысқаша мазмұныТапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне берілетін шағымда мынадай мәліметтер көрсет...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алу аясында үнемі арзан немесе сапасыз тауарлар сатып алынады деген сынға не деп жауап беруге болады?

    Жауап

    Мемлекеттік сатып алу аясында үнемі арзан немесе сапасыз тауарлар сатып алынады деген сынға не деп жауап беруге болады? Қысқаша мазмұныКонкурстық құжаттаманы қалыптастыру кезінде бюджет қаражатын тиімді жұмсау тұрғысынан баға негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Алайда ме...

    ·
    Сұрақ

    Кірістерді Мемлекеттік сатып алу органдарының қандай мәліметтері негізінде әлеуетті өнім берушінің тұрақтылығы айқындалады?

    Жауап

    Кірістерді Мемлекеттік сатып алу органдарының қандай мәліметтері негізінде әлеуетті өнім берушінің тұрақтылығы айқындалады?Қысқаша мазмұныӘлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын веб-портал Мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде автоматты түрде айқын...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алу туралы шағымда не көрсету керек?

    Жауап

    Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымда:1) шешімдеріне шағым жасалатын заңды тұлғаның, сарапшының атауы, орналасқан жері, әрекеттері (әрекетсіздігі);2) ша...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алу органдарының қандай мәліметтері негізінде әлеуетті өнім берушінің кірістер тұрақтылығы айқындалады?

    Жауап

    Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын веб-портал Мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде автоматты түрде айқындайды:1) кірістер;2) төленген салықтар;3) негізгі құралдар;4) еңбекақы төлеу қоры.

    ·
    Сұрақ

    Билікті мемлекеттік сатып алу аясында әрдайым арзан немесе сапасыз сатып алу үшін сынға алады, бұған не жауап бере аласыз?

    Жауап

    Конкурстық құжаттаманы қалыптастыру кезінде бюджет қаражатын жұмсау тұрғысынан баға негізгі көрсеткіш болып табылады. Алайда, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру үнемі сапалы көрсеткіштерге қойылатын талаптарды арттыруға бағытталған. Мысалы, құрылыс жұмыстарына арнал...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алу туралы шағым қалай беріледі?

    Жауап

    Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы тиісті хаттаманы қабылдаған Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастыр...

    ·