Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай – ақ «Бірауыл-бірөнім» бағдарламасының (БАБӨ)финалистерідеп танылған шағын және ортакәсіпкерлік субъектілеріне 5 млн теңгеге дейінгі мөлшерде өтеусіз гранттар беруге конкурс өткізеді.
Конкурс бюджет қаражаты болған жағдайда жылына кемінде бір рет өткізіледі. Қаржыландыру конкурстық негізде ұсынылады.
Алушылардың санаттары:
- Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері - әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда).
- БАБӨ бағдарламасының финалистері–ауылдық аумақтарды дамытуға бағдарланған жергілікті шикізаттан өнімді әзірлеуге, өндіруге және ілгерілетуге бағытталған «Бірауыл-бір өнім» жобасының қатысушылары.
Грант алу тәртібі:
- Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізу әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі мәртебесін алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығы мен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет. Құжаттарды қабылдау тоқсан сайын айдың 1-нен 15-не дейін жүзеге асырылады.
- Конкурсқа қатысу
Конкурсқа қатысуға рұқсат белгіленген іріктеу рәсімінен өткеннен кейін және бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда ғана мүмкін болады.
Байланыс ақпараты:
- Мекенжайы:Алматық., Байзақов к-сі,303,302кабинет
- Телефон:+7(727)390-20-69
Құжаттарды тапсыруға және конкурсқа қатысуға байланысты мәселелер бойынша мүдделі тұлғаларға тікелей Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жүгіну ұсынылады.