Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-174/2020 (2024 жылғы 16 тамыздағы №62 редакцияда) «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жоспарлы скринингтік тексерулерге жататын халықтың жас және әлеуметтік топтары бегіленді.
Туберкулезге, АИТВ-ға және онкологиялық ауруларға тексерулер тіркелген жері бойынша мемлекеттік емханаларда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін жүргізіледі. Тексеруден өту үшін азаматқа:
- тіркелген жері бойынша емханаға хабарласу;
- скринингтіктексеругежолдамаалу;
- емханажанынан жұмыс істейтінбейіндікабинеттердедиагностикаданөту қажет.
Скринингтік тексерулер келесіні қамтиды:
- флюорография(туберкулездіанықтауүшін);
- АИТВ-ғажеделтестілеу;
- онкологиялықаурулардыертеанықтауғабағытталғанзерттеулер(науқастыңжасынажәнежынысынабайланысты).
Осылайша нысаналы топтарға кіретін мемлекеттік емханаға тіркелген барлық адамдар белгіленген нормативтер бойынша тегін скринингтен өтуге құқылы.