Білімді тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі сертификат пен куәліктер кімге беріледі?
Білімді тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшыларына, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелеріне сертификаттар беріледі.
Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың, өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының басшылары мен мүшелерін, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылған аттестатталған ұйымдарды, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдарды қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың басшыларына, мамандарына, қызметкерлеріне куәліктер беріледі.