ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу қайда өткізіледі? Тестілеу ақысы қалай төленеді? Тест тапсыру кімдерге міндеттелген?

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Сұрақ

    ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу қайда өткізіледі? Тестілеу ақысы қалай төленеді? Тест тапсыру кімдерге міндеттелген?

    Жауап

    ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу Астана қаласы, Родниковая көшесі, 1/1 мекенжайы бойынша өткізіледі. Байланыс нөмірлері 8 (7172 69- 52- 85, 69-52-96). Тестілеу төлемақысын кез келген екінші деңгейлі банктен немесе (cabinet.testcenter.kz) онлайн түрде төлеуіңізге болады. Төлем үшін деректемелерді «Хабарландыру» немесе «Байланыс» беттерінен жүктеп алуға болады.

    ҚАЗТЕСТ – ҚР Үкіметінің арнайы тапсырмасымен 2006 жылы Ұлттық тестілеу орталығының базасында құрылып, Қ­Р азаматтары мен ел аумағындағы шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын, стандартталған әдіснамасы мен бағалау технологиясы қалыптасқан ұлттық жүйе.

    ҚАЗТЕСТ кең спектрлі, өйткені әр сала мамандарының тілдік білім-дағдыларын тәуелсіз бағалайды. Бұл жүйе негізінде ересек тұрғындарға арналған үлгілік оқу бағдарламасы, 5 деңгейлік оқулығы және лексикалық минимумдары әзірленіп, еліміздің 111 мемлекеттік тілді оқыту орталығында бірізді пайдалануда.

    ҚАЗТЕСТ - халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерінің, атап айтсақ, TOEFL, IELTS (ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі), TÖMER (түрік тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі), ТРКИ (орыс тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі) сияқты жүйелердің қағидаттары мен талаптарына негізделген, азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі.

    ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазтест жүйесі мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін арттырудың негізгі көрсеткішін іске асыру тетігі ретінде анықталған.

    Осыған сәйкес мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері мен ұлттық компания қызметкерлері жыл сайын Қазтест тестілеуінен өтуде.

    ҚАЗТЕСТ жүйесі 17 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді, осы уақыт аралығында жарты миллионға жуық азамат, соның ішінде 15 жыл ішінде 21 082 «Болашақ» үміткері тестілеуден өтті. Тілші ғалымдар, әдіскерлер, тестология саласының мамандары жүйеде 200 мыңнан астам тест тапсырмаларының қорын әзірлеп, қолданысқа енгізді.

    Ал «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуден «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиясына (В1 деңгейінен кем емес), «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлері (А1-ден С1 деңгейіне жету), мемлекеттік әкімшілік қызметінің «А» корпусының кадрлық резервіне (А2 деңгейінен кем емес), ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясына (А2 деңгейінен кем емес), Президенттік жастар кадрлық резервіне (В1 деңгейінен кем емес), ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистратура және докторантурасына (В1 деңгейінен кем емес), ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсуші үміткерлер (А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері) өтуге міндетті болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Болашақ» бағдарламасы аясында конкурстық іріктеуге қатысу үшін жас шектеулері бар ма?

    Жауап

    «Болашақ» бағдарламасы аясында конкурстық іріктеуге қатысу үшін жас шектеулері бар. Құжаттарды тапсыру сәтінде үміткердің жасы заңнамада белгіленген жалпы зейнеткерлік жас шегінен аспауы тиіс.

    Сұрақ

    «Болашақ» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өткеннен кейін еңбек өтеу қай жерде жүзеге асырылуы қажет?

    Жауап

    «Болашақ» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өткен түлектер міндетті еңбек қызметін жұмыс берушінің өтініміне сәйкес оларды жіберген ұйымдарда, сондай-ақ жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалдарында, өкілдіктерінде не жұмыс берушінің келісімі болса, Қазақс...

    Сұрақ

    Стипендиаттың және оның отбасы мүшелерінде кепіл ретінде жылжымайтын мүлкі болмаған жағдайда не істеуге болады?

    Жауап

    Егер Стипендиаттың және оның отбасы мүшелерінің (ата-анасының, жұбайының/зайыбының, балаларының) кепіл ретінде ұсынатын жылжымайтын мүлкі болмаса, Стипендиат Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жасы 50 (елу) жасқа дейінгі және соңғы 12 (он екі) күнтізбелік ай іш...

    Сұрақ

    «Болашақ» стипендиясы бойынша конкурсқа өтініш пен құжаттарды қарау қанша уақытты алады?

    Жауап

    Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды қарау және қабылдау немесе «Болашақ» стипендиясы конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тарту мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.

    Сұрақ

    «Мемлекеттік қызметшілер» санатындағы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары тілдік курстардан шетелде өте ала ма?

    Жауап

    «Мемлекеттік қызметшілер» санаты (магистратура) бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне арналған тілдік курстар тек Қазақстан Республикасының аумағында және 12 айдан аспайтын мерзімде өткізіледі.

    Сұрақ

    Жоғары және жоғары оқу орнындағы білім беру саласындағы білім беру қызметіне лицензия және(немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Жоғары білім беру ұйымы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап білім беру қызметімен айналысу құқығы туындайды. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бі...

    Сұрақ

    Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін басылымдар тізбесінің 3-Тізімде тұрған журналда шыққан мақала гуманитарлық ғылымдар бойынша ғылыми атаққа үміткерлері үшін ескеріледі ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін басылымдар тізбесі (бұдан әрі – Комитеттің басылымдар тізбесі) бірнеше тізімдерден тұрады – 1-тізім, 2-тізім, 3-...

    Сұрақ

    Пысықтаудан кейін ұсынылған диссертациялық жұмысты қарау бойынша диссертациялық кеңестің отырысы қалай өтеді?

    Жауап

    Пысықталған диссертациялық жұмыс диссертациялық кеңеске үш ай мерзімде ұсынылады. Егер докторант диссертациялық кеңестің ескертулерімен келіспейтін болса, онда ол берілген ескертулерге дәйектелген жауаптарын ұсынады. Диссертациялық кеңестің отырысына дейін пысықталған диссертация...