Тамақ өнімдерінде қандай таңбалау болуы керек?

    ·
    Сұрақ

    Тамақ өнімдерінде қандай таңбалау болуы керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде Шымкент қаласындағы сауда орындарында сатылып жатқан азық-түлік өнімдеріне санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкессіздік анықталған сынамалар негізінен таңбалау көрсеткіші бойынша сәйкес келмеген.

    Бүгінгі күнде әрбір тұтынушы сатып алып жатқан тағам өнімі жөнінде және өндірушісі туралы толық және нақты мәлімет алуға құқылы. Қажетті мәліметтердің барлығы өнімнің қорабында немесе орамада таңбалау арқылы көрсетілуге тиіс.

    Таңбалауда болуға тиісті ақпарат Кеден Одағының 022/2011 «Тағам өнімдерінің таңбалау бөлігі» техникалық регламентінің талаптарында көрсетілген.

    Тағам өнімдерін таңбалауда көрсетілуге тиісті мәліметтер:

    • тағам өнімдерінің атауы;
    • тағам өнімдеріне қатысты құрамы, тағам өнімдерінің мөлшері, тағам

    өнімдерінің жасалған күні, тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер;

    • дайындаушының сауда белгісі;
    • тағам өнімін дайындаушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ

    осы Кеден одағы техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда дайындаушының уәкілетті тұлғасының атауы мен орналасқан жері, импорттаушы-ұйымның атауы мен орналасқан жері;

    • тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, тағамның

    биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер және белгілі бір аурулар кезіндегі қарсы көрсетімдер туралы мәліметтер;

    • тағам өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері;
    • тауар массасының шамасы, көлемі, саны;
    • тағам өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды қолданып

    алынған құрауыштардың бар-жоқтығы туралы деректер (өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар болған жағдайда ГТА деп көрсетіледі);

    • Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімдердің

    айналуының (ЕАС) бірыңғай белгісі болуы тиіс.

    • тағам өнімдерін таңбалау Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар болған кезде орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде жазылуы тиіс.

    Егер өнім қаптамасының сыртында таңбалануы толық жазылмаған жағдайда, сатушыдан ақпарат алуға болады және сатушы сізге тауар туралы толық, әрі нақты ақпаратты беруге міндетті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жұмыста Кеден одағының қандай техникалық регламенттерін басшылыққа аламыз?

    Жауап

    Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына бақылау жүргізу – Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметінің бір бағыты болып табылады. Осы бағытта жұмыс жүргізу барысында Департамент төмендегі Кеден Одағы техникалық регламенттерін басшылыққа...

    ·
    Сұрақ

    Бөтелкедегі су қандай болуы керек?

    Жауап

    Ыдыстарға құйылған ауыз су – құрамы, формасы мен сыйымдылығы әртүрлі тұмшаланып жабылған тұтыну орамына (ыдысына) құйылған, бұдан әрі өңдеусіз тікелей пайдалану үшін қауіпсіз ауыз су. Кеден Одағының 044/2017 «Табиғи минералды суды қоса алғанда, ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіп...

    ·
    Сұрақ

    Балалар балабақшаға немесе мектепке баруды жалғастыра ала ма?

    Жауап

    Жұқтыру уақыты бөртпе басталғаннан кейін бес күн: бұл баланың балабақшаға немесе мектепке бара алмайтын кезеңі. Сонымен қатар, бұл вирус иммундық қорғанысты 4 -тен 6 аптаға дейін төмендететінін білеміз, осы уақыт ішінде бала жаңа инфекцияны жұқтырып алу ықтималдығы әлдеқайда жоға...

    ·
    Сұрақ

    Қызылша дегеніміз не және ол қалай көрініс береді?

    Жауап

    Қызылша – дене қызуының жоғарылауымен, интоксикациямен, жөтелмен, мұрынның ағуымен, конъюнктивитпен және бөртпемен сипатталатын жіті вирустық ауру. Қызылша ауыр асқынулармен, өкпенің қабынуымен, құрысулармен, мидың қабынуымен қауіпті. Ауа тамшылары арқылы беріледі.

    ·
    Сұрақ

    Тұмауға қарсы екпе сізді ауыртуы мүмкін бе?

    Жауап

    Тұмауға қарсы вакцина құрамында тұмауды тудырмайтын белсендірілмеген вирус бар. Егер сіз өзіңізді әлсіз сезінсеңіз немесе аздап қызбаңыз болса, бұл иммундық жүйенің вакцинаға қалыпты реакциясы болып саналады және әдетте бір-екі күннен аспайды.

    ·