Мемлекеттік мекемелер активтерді сату жөніндегі жазбаларды қалай көрсетеді?

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

    Сұрақ

    Мемлекеттік мекемелер активтерді сату жөніндегі жазбаларды қалай көрсетеді?

    Жауап

    Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалар (бұдан әрі – Қағида) республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді.

    Қағиданың 277-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен осы сомаларды пайдаланудың өзге тәртібі белгіленбесе, мемлекеттік мекемелер активтерді сатудан түскен сомаларды бюджет кірісіне аударады және есепте көрсетіледі: 1231 "сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" қосалқы шотының дебеті және 6320 "ұзақ мерзімді активтердің шығуынан түскен кірістер" шотының кредиті, бір мезгілде: 7120 "бюджетпен есеп айырысу бойынша шығыстар" шотының дебеті және 3131 "активтерді сатудан түскен кірістер бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек"қосалқы шотының кредиті. Ұзақ мерзімді активтерді сатудан алынған кіріс бойынша бюджет алдындағы берешекті өтеу: 3131 "активтерді сатудан түскен кірістер бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 1231 "сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі"қосалқы шотының кредиті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Декларацияға банк депозиттерін қосу керек пе?

    Жауап

    Иә, қосу керек, бірақ тек Қазақстаннан тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі банк шоттарындағы барлық банк салымдары үшін ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1000 еселенген сомасынан асатын салымдарды қосуым керек.

    ҚР Қаржы министрлігі·
    Сұрақ

    Әкімшілер хабарландыруларды қай сайт арқылы жіберуі тиіс?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес әкімші уәкілетті органмен және өзге тұлғалармен уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсіл арқылы өзара іс-қимыл жасауға құқылы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіні...

    ҚР Қаржы министрлігі·
    Сұрақ

    Мүліктік масса дегеніміз не және оның құрамына не кіреді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес мүліктік масса – бұл банкроттық рәсімі барысында өндіріп алуға жататын банкроттың мүлкі, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге тұлғалардың мүлкі. Заңның 96-б...

    ҚР Қаржы министрлігі·
    Сұрақ

    Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 99-бабының 1-тармағына сәйкес банкроттың мүлкін, оның ішінде талап ету құқықтарын сату банкроттық басқарушы тарапынан сату жоспарына сәйкес электрондық аукцион өткізу немесе тікелей сату әдісі арқ...

    ҚР Қаржы министрлігі·
    Сұрақ

    Банкроттық рәсімінің мерзімі қандай және ол қай күннен бастап есептеледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 84-бабы 1-тармағына сәйкес банкроттық рәсімінің мерзімі тоғыз айды құрайды және кредиторлар жиналысының шешімімен екі жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Сонымен қатар, банкроттық рәсімінің мерзімін қайта ұзартуға жол бе...

    ҚР Қаржы министрлігі·
    Сұрақ

    Оңалту рәсімінен өтіп жатқан жеткізушіден берешек сомасын қалай өндіріп алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-бабының 2, 3 және 4-тармақтарына сәйкес кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары кредиторлар талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей...

    ҚР Қаржы министрлігі·
    Сұрақ

    Мемлекеттік кірістер органдарының талап арызы бойынша банкрот деп танылған борышкердің уақытша және банкроттық басқарушыларына сыйақы қандай мөлшерде төленеді?

    Жауап

    Уақытша басқарушыға негізгі сыйақы кредитор тарапынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 1 (бір) ең төменгі жалақы мөлшерінде (ЕТЖ) екі ай мерзімге міндеттерін орындаған кезең үшін төленеді (Қағидалардың 5-тармағының екінші абзацы). Соныме...

    ҚР Қаржы министрлігі·