Бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы қалай артады?

    Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    Сұрақ

    Бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы қалай артады?

    Жауап

    «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 және «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралыә 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбпү қаулыларына сәйкес базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – БЛЖ) азаматтық қызметшілердің де, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдардың (мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер және әлеуетті органдардың қызметкерлері, депутаттар, судьялар және т.б.) қызметкерлерінің де лауазымдық айлықақыларын есептеу үшін қолданылады. Бюджеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы БЛЖ-ны жұмыс өтілі бойынша коэффициентке көбейту жолымен айқындалады (қолданыстағы жүйе бойынша қызметкердің еңбегі сараланған түрде төленеді және орындалатын жұмыстың біліктілігіне, күрделілігіне және санына байланысты болады).

    Бұл ретте, жұмыскерлердің көрсетілген санаттарының санын ескере отырып, БЛЖ-ны арттыру туралы бір мезгілде шешім қабылдау не оны жыл сайын индекстеу мемлекеттік бюджеттен елеулі бюджет қаражатын бөлуді талап етеді.

    Сонымен қатар, мемлекет қаржы-экономикалық мүмкіндіктерге сүйене отырып, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақы деңгейін кезең-кезеңімен арттыратынын атап өтеміз.

    Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларын есептеу үшін коэффициенттерді қайта қарау және бюджеттік мүмкіндіктерге қарай үш жылда бір рет индекстеуді жүзеге асыру бойынша шаралар пысықталып жатқанын атап өткен жөн.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тұтынылған жылу энергиясы үшін төлем қалай есептеледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 488-бабының 1-тармағына сәйкес, егер заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, энергияға ақы төлеу энергияны есепке алу деректеріне сәйкес айқындалатын, абонент іс жүзінде қабылдаған энергия мөлшері үшін жүргізіл...

    Сұрақ

    Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша құжаттарды қайда тапсыру керек?

    Жауап

    Сізге әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну, кезекке қою немесе қоймау мәселесін қарау үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО) арқылы толық құжаттармен электрондық форм...

    Сұрақ

    Неліктен "Дипломмен ауылға" жобасы шағын қалаларға қолданылмайды?

    Жауап

    "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" ҚР салалық Заңы (18-баптың 8-тармағы) жұмыс істеу және тұру үшін тек ауылдық елді мекендерге келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын қолдауға бағытталған. Қазіргі уақытта 1...