"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" ҚР салалық Заңы (18-баптың 8-тармағы) жұмыс істеу және тұру үшін тек ауылдық елді мекендерге келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын қолдауға бағытталған.
Қазіргі уақытта 10 мың адамнан аз халқы бар шағын қалалардың мәртебесін өзгерту бөлігінде заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді. Қалалық елді мекеннің мәртебесі ауылдық елді мекенге өзгерген кезде олардың мамандары бұдан әрі әлеуметтік қолдау шараларын және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті үстемеақыларды ала алады.
Сондай-ақ, қалаларға келетін мамандар үшін жоба шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мамандардың ауылдық жерлерден кетуіне және кадр тапшылығының одан әрі артуына әкелуі мүмкін екенін ескеру қажет.