Неліктен описторхоз қауіпті?

    ·
    Сұрақ

    Неліктен описторхоз қауіпті?

    Жауап

    Описторхоз – бұл балық арқылы таралатын құрт ауруы. Описторхоздың нақты диагнозы нәжісте немесе өтте гельминт жұмыртқаларын табу арқылы расталады. Описторхоз ауруының өсуінің негізгі ықтимал себебі халықтың балықты белгіленбеген сауда орындарынан сатып алуы, балық өнімін пісірер алдында жеке гигиена және термиялық өңдеу қағидаларын дұрыс сақтамауы болып табылады.

    Описторхоздың негізгі белгілері – 4 аптаға дейін 37-38С дейін дененің қызуы, бетінде және денесіндегі бөртпелер, ол көбінесе 2 аптаға дейін созылады, жиі бастың ауруы, ұйқының бұзылуы, әлсіздік, тершеңдік және тәбеттің жоғалуы, аллергиялық құбылыстар болып табылады. Егер описторхоз ауруын аяғына дейін емдемесе бауыр абсцесіне, өттің қабынуына және жүрек ауруына әкелуі мүмкін.

    Негізгі ауру көзі өзендерде мекендейтін тұқыбалық тұқымдас балықтар болып табылады. Ауру адам ағзасына жеткіліксіз қуырылған балықтарды пайдалану арқылы түсетіндіктен, описторхозды жұқтырмау ушін бірінші кезекте балық және балық өнімдерін термиялық өңдеу қағидаларын қатаң сақтау қажет.

    Описторхоздың алдын алу үшін келесі шараларды қадағалау қажет:

    • балықты қайнаған сәттен бастап кем дегенде 15-20 минут пісіру керек;
    • беті жабылған ыдыста, кішкентай бөліктерге кесіп, 15-20 минут қуыру қажет;
    • балық бәлішін тұмшапеште кемінде 40 минут пісіру;
    • тұздаған жағдайда 10 кг балыққа 2 кг тұз пайдалану қажет, екі және одан астам аптада тұздау;
    • кептіру кезінде алдымен балықты үш күн тұздап, үш апта кептіру;
    • мұздату кезінде балықты мұздатқышта немесе -28°С температурада 41 сағат бойы ұстау;
    • аз тұздалған балық пен жұқатілмені тұтынудан бас тарту.

    Ешбір жағдайда шикі балықты немесе оның ішек-қарнын үй жануарларына беруге болмайды, өйткені олардың жұқтыру қаупі артады, бұл жағдайда жануарлар описторхоздың таралу көзі болуы мүмкін.

    Балықты кесу және өңдеусіз тұтынылатын өнімдерді кесу кезінде әртүрлі турайтын тақталарды қолдану керек.

    Белгіленбеген сауда орындарынан балық сатып алу ұсынылмайды!

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Туляремия туралы нені білу керек?

    Жауап

    Біз бәріміз жазғы уақытта табиғатқа шығып, су айдындарында жүзуді, жасыл аймақта демалып, аң немесе балық аулауды жақсы көреміз, сонымен бірге төрт аяқты достарымыз – иттер мен мысықтарды өзімізбен бірге алып жүреміз. Егер гигиенаның кейбір нормалары сақталмаса, қауіпті инфекция...

    ·
    Сұрақ

    Ботулизм дегеніміз не?

    Жауап

    Ботулизм - орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен өтетін ботулизм бактерияларының токсиндермен улануы. Ауру ботулизм таяқшасымен және оның уыттарымен жұқтырған тағамдарды жеуден кейін дамиды. Аурудың қоздырғышы оттегінің қол жетімсіз дамиды. Оның уыттары күшті табиғи улармен....

    ·
    Сұрақ

    Тұмауға қарсы екпе ауруды тудыруы мүмкін бе?

    Жауап

    Бірде-бір вакцина әдеттегі ауруды тудырмайды. Вакцинация процесінде ағзаға әлсіреген вирус немесе оның бөліктері енгізіледі. Вакцинадағы вирус ауруды тудыруы мүмкін емес, бірақ денені антиденелер шығаруға ынталандырады. Антиденелер вируспен байланысады және осылайша жасушаның инф...

    ·
    Сұрақ

    Өндірістік бақылауды не үшін және қалай өткізу қажет?

    Жауап

    Өндірістік бақылау немесе өзін-өзі бақылау – жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын, адам мен қоршаған орта үшін қауіпсіздік пен зиянсыздықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар, оның ішінде өндірілетін өнімді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді зертханалық зерттеулер...

    ·
    Сұрақ

    Медициналық тексерулер: нені білу керек?

    Жауап

    Медициналық тексерунеліктен жүргізіледі: адам ағзасында бәрі жақсы ма, жоқ па, соны білу – ненің дұрыс емес екенін табу және анықтауүшін. Сондықтан медициналық тексерулерді тұрақты және мезгілдіжүргізу маңызды-бұл халықтың денсаулығын сақтауға көмектеседі. Басқаша айтқанда - адам...

    ·
    Сұрақ

    Неліктен су сапасын бақылау қажет?

    Жауап

    Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг - бұл халықтың денсаулығы мен тіршілік ету ортасының жай-күйін, оларды талдауды, бағалауды және болжауды, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен тіршілік ету ортасының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтаудың мемлекеттік жүйесі...

    ·
    Сұрақ

    Вакцинация не үшін қажет? Қызылшадан кейінгі ең қорқынышты асқынулар қандай?

    Жауап

    Вакцинация не үшін қажет? Вакцинация - жұқпалы аурулардан қорғаудың ең тиімді және кейде ағзаны аурудан қорғаудың жалғыз әдісі. Ол сәбилер мен жасөспірімдерді көптеген аурулардан, ауыр асқынулардан және тіпті өлімнен де құтқарады. Қызылшадан кейінгі ең қорқынышты асқынулар қандай...

    ·