Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты қалай жүргізіледі?

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерi ҚР Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» ҚР 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151 Заңы шеңберінде реттеледі.

    Тіл саясаты саласындағы бағдарламалық құжат ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылуда.

    Бүгінгі тіл саясатының негізгі басымдықтары мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның этносаралық қатынастар тілі ретіндегі рөлін нығайту, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Көрнекі ақпараттарды орналастыруға қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, бағалар, мәзірлер, көрсеткіштер және басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған жағда...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда іс қағаздары қай тілде жүргізіледі?

    Жауап

    Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ тiлiмен ресми түрде орыс тiлi тең қолд...

    ·
    Сұрақ

    Көрнекі ақпаратта тіл заңнамасы талаптары бұзылған жағдайда не істеу керек?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z2621-бабына сәйкес «Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірл...

    ·
    Сұрақ

    Қазақ тілін онлайн оқуға қандай мүмкіндік бар?

    Жауап

    Республика бойынша «Қазақ тілі» жаппай ашық онлайн курсы жүргізіледі. Оқыту курсына тіл үйренгісі келетін Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан кез келген азаматы қатыса алады. Оқыту курсы аптасына үш рет, ZOOM платформасы арқылы онлайн режімде өткізіледі, әр сабақ 60 минутты...

    ·
    Сұрақ

    Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап қай тiлде берілуі керек?

    Жауап

    ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тіл...

    ·
    Сұрақ

    Қазақ тіліндегі сөздердің дұрыс жазылуы бойынша ақпаратты қайдан алуға болады?

    Жауап

    Қазақ тілінде дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру, сөздерді дұрыс айту және жалпы тілдік мәдениетті арттыру мақсатында «Emle.kz» https://emle.kz/kz. электрондық базасы құрылды. Аталған база «Онлайн диктант», «Ережелер», «Аббревиатура», «Мақалалар», «Кітапхана», «Форум» атты бөлімд...

    ·
    Сұрақ

    «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер ҚАЗТЕСТ сертификатын алу үшін не істеуі керек?

    Жауап

    «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер Қазтест сертификатын алу үшін testcenter.kz сайтына тіркеліп, тестілеуге қатысуға өтініш береді. Одан соң белгіленген күні тест тапсыра алады. Мысалы, «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер Гауһар Қазтест тапсыруды жоспарлауда....

    ·
    Сұрақ

    Қазақ тілін үйрететін тегін курстар бар ма?

    Жауап

    Елімізде жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған 116 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Орталықтардың тізімі мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/language/documents/details/443373?lang=kz. Аталған орталықтарда азаматтарға қазақ тілі т...

    ·